Колледж Стейшн жігіттері бір араға келіп Қазақстанның тәуелсіздік күні мен Дархан мен Еркіннің университетті сәтті бітірулерін атап өтті. Бильярд пен теннис ойнаған жігіттер тәмді тағамдан дәм татты. Жылы лебіздерін білдірген жігіттерге де университетті жақсылап бітірулерін тілейміз.
Қазақ, Өзбек, Қырғыз және тағы басқа Түркі халықтарының мәдениеті мен салт-дастүстірімен танысқыңыз келсе, сізді Хьюстон қаласында болатын 3-ші Түркі Халықтарының фестиваліне шақырамыз! Дәмді тағамдар мен керемет ән-күйдің аясында уақыт өткізіп, апта соңын ерекше әрі қызықты өткізуге тамаша мүмкіншілік. Келіңіздер, көріңіздер!
Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрін таныту үшін ШҚФ Қазақстаннан арнайы киіз үй әкелді. Енді фестивальден бір күн бұрын яғни Қарашаның 6-сында Жұма күні түстен кейін осы киіз үйді тігу үшін көмек керек. Көмектесемін дейтіндерді қуанышпен қарсы аламыз.
3-ші Түркі Халықтарының Фестивалі Қараша 7-8, Сенбі және Жексенбі күні сағат 13.00 - 21.00 Дowntown Houston: City Hall – Hermann Square Кіру ақылы, $5 Билеттер кірісте сатылады